Жедел жәрдем курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы

Жедел жәрдем курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы 2011 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Үздіксіз білім беру орталығы жанынан ұйымдастырылған.

Кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент  С.Н.Ералина.

Кафедра қызметкерлері: медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш.Шарипов, м.ғ.к., доцент Б.К.Сарсембаев, м.ғ.к. Е.Л.Исмаилов, м.ғ.к. А.К.Иманбаев, м.ғ.к. Е.А.Адилбеков, кафедра ассистенті Т.Ш.Шамсутдинов. Кафедраның негізгі клиникалық базасы —  Орталық қалалық клиникалық аурухананың анестезия, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесі.

Кафедра жұмысының негізгі бағыты – жұмыс істеп жүрген дәрігер анестезиолог-реаниматологтардың біліктілігін жоғарылату және оларды қайта дайындықтан өткізу арқылы медицинадағы үздіксіз білім беру концепциясын жүзеге асыру. Кафедра Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау  министрлігімен бекітілген білім беру стандарты бойынша  алғашқы мамандандыру (қайта даярлау) және біліктілік жоғарылату циклдарын өткізеді.  Жедел жәрдем курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы анестезиология және реаниматология мамандықтары бойынша дипломнан кейінгі білім беру саласындағы бірден-бір жетекші оқу-әдістемелік орталық болып табылады.

Кафедра қызметкерлері оқыту жұмыстарымен қатар ғылыми зерттеулерді де жүргізеді, анестезия мен қарқынды емдеудің инновациялық әдістерін клиникалық практикаға енгізеді. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырады. Жаңадан шыққан дәрілік препараттарды клиникалық апробациядан өткізеді.

Практикалық көмек ауыр анестезиологиялық жағдайда жәрдем көрсету, қауіпті жағдайда жатқан науқастарға кеңес беру түрінде негізгі клиникалық базада, Алматы қаласындағы және жалпы республикадағы басқа да медицина мекемелерінде жүргізіледі.

Денсаулық сақтау басқармасы органдарымен бірігіп жүргізілетін жұмыстар кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының бас анестезиологы С.Н.Ералинаның басшылығымен реттеледі.

Поисковые слова:

Запись опубликована в рубрике Жедел жәрдем курсы мен анестезиология және реаниматология кафедрасы, Кафедра туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.