Педиатрия және неонатология курсы мен акушерлік және гинекология кафедрасы

Педиатрия және неонатология курсы мен акушерлік және гинекология кафедрасы 2010 жылғы наурызда құрылған.

Кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Шарифканова Магрифа Нигметканқызы басқарады.

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі бойынша тәжірибелік  денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін  профессор М.Н.Шарифканова «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ол аккредитацияланған ұлттық сарапшы болып табылады. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары акушерлік іс пен гинекологияның радикалды гинекологиялық операциялардан кейінгі және климактерия жағдайындағы әйелдерді реабилитациялау,  қауіпсіз аборт және акушерлік қан кетулердің алдын алу шараларының жаңа мүмкіндіктері сияқты түрлі аумақтарын қамтиды.  Жаппай цитологиялық скрининг ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша аймақтарға тәжірибелік көмек көрсету және жатыр мойны ісігінің біріншілік және екіншілік алдын алу  шаралары проблемаларын зерттеу кафедра жұмысында маңызды орын алады.

Қазақстанда акушер-гинекологтарды қайта дайындау және тақырыптық жетілдіру циклдары сұранысқа ие болып отыр. Олар: Клиникалық акушерия және ұрықты антенаталды қорғау, акушерия және гинекологияда шұғыл жағдайлар, жүктілік және экстрогениталды аурулар, гинекологиялық эндокринология, жасөспірімдер және балалар гинекологиясы, жанұяны жоспарлау.

Кафедра қызметкерлері Ғаламдық әйелдер қорының қамқорлығымен өткен «Қазақстан Республикасындағы әйелдің репродуктивтік құқығы» атты халықаралық жобаға (2008 ж.) ат салысты. Осы жылы кафедра қызметкерлері ЮНИСЕФ–тің қолдауымен Жастар денсаулық сақтау орталығында мамандарды оқытуға арналған модульдарды жасады. Кафедра сонымен қатар резиденттерді де дайындайды.

Дәл қазіргі кезде кафедрада м.ғ.д., ассистент Г.Н.Алимбаева, эндокриндік гинекология, жасөспірімдер және балалар гинекологиясы бойынша маман, м.ғ.к. А.Ш.Джусангалиева, антенаталды антирезус профилактикасы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын орындаудағы маман, м.ғ.к. Г.Р.Белеуханова жатыр мойны ісігін алдын алу мәселесін зерттеумен айналысады.

Поисковые слова:

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Кафедралар, Қазақша, Педиатрия және неонатология курсы мен акушерлік және гинекология кафедрасы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.