Сәулелік және функционалдық диагностика кафедрасы

Кафедра 2004 жылы АМДБЖИ (АГИУВ) құрамында құрылды. Кафедра меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Нигай Н.Г. 1982 жылы алғашқы рет КазНИИКиЭХ ҚР ДС министрі профессор М.А.Алиевтің басқаруы бойынша диагностикалық ультрадыбысты енгізді. 1988 жылы алғашқы болып ҚР тыңдаушылардың базалық білім алуын АМДБЖИ С.Т.Тусупбеков басқарған рентгенология кафедрасында    енгізді және 4 мыңнан аса ультрадыбыстық және КТ, МРТ диагностикасы, клиникалық рентгенология мамандарын дайындап шығарды. 2009 жылы кафедра толық құрамымен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне ауысты.

2012 жылы 4 Алматылық Радиологиялық Форумда кафедра Қазақстандағы ультрадыбыстық диагностиканың 30-жылдығын атап өтеді.

Өткен жылдар бойы кафедра өзінің ұжымына Қазақстанда және одан тыс елдерде белгілі мамандарды біріктірді:  доценттер, медицина ғылымдарының кандидаттары Боровский В.В., Костырева Н.А., Джунусова Л.Ю., Акижанова И.В., Хальбаева Е.Л., профессор м.ғ.д. Сулейменова Р.Н., ассистенттер Савран А.А., Таиров А.В., Саринов Е.Г., Боровская М.В., Чернобуров К.Е., олар экспертті класстағы сандық диагностикалық аспаптарда барлық бағыттарда кешенді диагностикалық манипуляциялар жүргізеді.

Кафедра қызметкерлерімен ультрадыбыстық, КТ және МРТ диагностика салалары бойынша дәрігерлердің дипломнан кейінгі білім алуы үшін унифицирленген бағдарламалар, типтік оқу бағдарламалары, оқу-жұмыстық бағдарламалар, тесттер, ситуациялық есептер, сәулелік және функционалдық диагностика қайта даярлау циклдері бойынша силлабустар дайындалды және біліктілігін арттыру циклдері бойынша: кардиологиядағы УДД, акушерия мен гинекологиядағы  УДД (жүктіліктің әртүрлі триместріндегі ұрықтың туа пайда болған ақауларының 3-4D ультрадыбыстық диагностикасы, гинекологиядағы 3-4D ультрадыбыстық диагностикасы, қалқанша безі, сүт безі және көз ауруларының УДД. Алғашқы рет Қазақстанда жаңа циклдар енгізілді, кафедрада қорғалған диссертациялар бойынша «Бірінші жылдағы балалардың жамбассан буындарының эхоанатомиясы (ЖСБ) мен шала туылған балалардың жамбассан буындарының қалыптасу бұзылыстарының ультрадыбыстық диагностикасы», «Кардиологиядағы функционалдық диагностика» (ЖИА, миокард инфарктісі, перикардит, туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезіндегі электрокардиография және эхокардиодопплерография), «Сәулелік диагностикадағы инновациялық әдістер» (іш қуысы мүшелер ауруларының компьютерлік және магнитті-резонанснтық томографиясы), «Неврологиядағы функционалдық диагностика» (жаңа туған және бір жасқа дейінгі балалардың басмиы аурулары, электроэнцефалография бойынша біліктілігін арттыру), «Нейросонография» (жаңа туған және бір жасқа дейінгі балалардың басмиы ауруларын ультрадыбыстық диагностикасы бойынша біліктілігін арттыру), «Брахиоцефалдық тамырлар допплерографиясының таңдамалы сұрақтары» (БЦТ ультрадыбыстық анатомиясы, БЦТ окклюзионды ауруларын зерттеу әдістері).

Кафедрамен халықаралық радиологиялық мектептер және университеттермен ғылыми-педагогикалық қатынастар орнатылды, соның ішінде Оңтүстік Кореяның Дэгу Университетінің радиология кафедрасының профессоры Джон Ли, ол радиология бойынша Кореяға екі жылдық резидентура бойынша тегін жолдама ұсынды, Постдипломдық білім беру Ресейлік Академиямен және Санкт-Петербургтің Әскери медициналық академиясының кафедрасымен, Австриялық госпитальды медициналық мекемесімен, Пекиндік интенданттық университетімен (генерал-майор Сытен), Ташкенттік дәрігерлер біліктілігін арттыру институтымен. Вера Шмидт және Радиологтардың Еуропа Ассоциациясының директоры профессор Николас Гуртсоянис өздерінің радиологиялық тренингтік бағдарламаларымен бөлісті және институттың вебсайтында Еуропалық съездер мен ғылыми жетістіктер жайлы соңғы жаңалықтарды енгізіп отырады.

 

 

Кафедраның клиникалық базасы Ультрадыбыстық диагностиканың медициналық және инженерлік-техникалық жұмысшыларының ассоциациясы АМИТРУД «Дарига» орналасқан. Ассоциация экспертті класстағы инновациялық ультрадыбыстық техникамен жабдықталған, олар Университет тыңдаушыларына практикалық дағдыларды игеру үшін қолдануға беріледі. Алғашқы рет Қазақстанда оқу процессіне инновациялық техника ишемияланған миокардты дисперсионды картирлеуді компьютерлік кардиовизорлық  диагностика көмегімен анықтау және арнайы басқа киюге арналған құрылғысымен жаңа буындағы электроэнцефалографтар енгізілді. Ассоциация кафедра ұйымдастырған көптеген конференциялар мен семинарларды қаржыландырады, соның ішінде алғашқы үш Алматылық Радиологиялық Форумдарды 2006, 2007 және 2008 жылдарында өткен.    Кафедра тыңдаушылары барлық халықаралық және республикалық симпозиумдардың, кафедра ұйымдастырған мастер-класстардың белсенді қатысушылары болып табылады.

Кафедра қызметкерлері халықаралық білім беру орталықтарына белсенді барып тұрады.

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Сәулелік және функционалдық диагностика кафедрасы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.