Педиатрия және неонатология курсы

Педиатрия және неонатология курсының меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор  Ш.К.Батырханов.

Профессор Ш.К.Батырхановтың балалардағы бронх демікпесін спелеоклиматтық әдіспен емдеуде және оны тәжірибеге ендіруде мол тәжірибесі бар.

Курстың жетекшісі, профессор Батырханов Шайхслам Қилыбайұлының әлемдік ғылыми қоғамдастық және республика дәрігерлері алдында беделі жоғары.  Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1996 ж.),  Қырғыз мемлекеттік медицина акакдемиясының профессоры (1997 ж.), Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының  балалар продевтикасы кафедрасының меңгерушісі (1998 ж.), педиатрия факультетінің деканы (1999 ж.), педитария саласындағы бас координатор және Қырғыз Республикасының бас балалар пульмоног маманы қызметтерін атқарды.

Профессор Ш.К.Батырханов педиатрияның пульмонология мен аллергология салаларының жоғары білікті маманы. 1996 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.  Негізгі ғылыми бағыты – балалар бронх-өкпелік патологиясы.

Қазіргі таңда Тері-венерологиялық  ғылыми зерттеу институтының  кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі Арнайы кеңесінің мүшесі, ҚазҰМУ ғылыми-білім беру орталығының кеңесшісі. Көрнекті ғылым қайраткері ретінде «Акушерия мен педиатрия» бойынша Ғылыми мәселелік кеңес төрағасының орынбасары, сонымен бірге жалпы педиатрия бойынша кандидаттық, докторлық ғылыми диссертациялық жұмыстарға рецензия және оппоненттік  жасаушы эксперттік комиссияның жұмысына белсенді түрде қатысады.

Профессор Батырханов Шайхслам Қилыбайұлы 250-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Олар негізінен балалар пульмонологиясы мен аллергологиясы салаларына арналған. Осы салада «Ерте жастағы балалардағы обструктивтік бронхиттер», «Жоғарғы тыныс жолдары дерттерінің кешенді емі», «Ерте жастағы балалардағы обструктивті бронхиттің емі» сияқты бірнеше әдістемелік ұсыныстары жарық көрді. Денсаулық сақтау саласында атқарған қызметтері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әкімшілігінің алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарымен марапатталған.

Ш.К.Батырханов ұстаздары мен тәлімгерлерінің жолын қуа отырып,  Қазақстан Республикасында балалар пульмонологиясы мен аллергологиясы мектебінің дамуы мен оның нығаюына зор үлес қосуда. Оның жетекшілігімен ерте жастағы балалардағы обструктивті бронхитті диагностикалау және алдын алу жолдарын жетілдіру бағытында 3 кандидаттық диссертация қорғалды. Қазіргі таңда ғылыми жұмыстарға тұжырымдама жасау ісін жалғастыруда. Оның шәкірттері еліміздегі және шет елдердегі арнайы бөлімшелер мен кафедраларда қызмет атқаруда.

Педиатрия және неонатология курсында м.ғ.к. доцент А.Т.Каримханова, ассистенттер  К.А.Айгожинова, Г.С.Шаихова, А.К.Аубакирова сияқты жоғары білікті мамандар жұмыс атқарады.

Каримханова Ақбота Токтарғазынқызы университетте 15 жылдан астам уақыт қызмет атқара отырып үлкен ұстаздық шеберлікке ие болды. Ол тек қана өз ұжымында ғана емес, сонымен қатар  №2 балалар ауруханасында да үлкен құрметке ие. Ғылыми-тәжірибелік және халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысады. Дэта-элис Халықаралық ассоциясының мүшесі. Спирография және Шиммель бойынша вегето-резонанстық тестілеу функциональдық әдістерін жүргізеді.

Курс қызметкерлері балалар клиникалық ауруханасында негізгі кеңесші, «Алатау» балалар емжайында кеңесші пульмонолог қызметтерін жүргізеді. Олардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік, патолого-анатомиялық конференциялар өткізіледі. Курстың жетекшілігімен аллергология бөлімшесінде қала көлемінде балалар мен аналарға арналған «Демікпе мектебі» жұмыс жасайды.

Поисковые слова:

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Педиатрия және неонатология курсы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.