Неврология кафедрасы

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Үздіксіз білім беру орталығы.

Неврология кафедрасы.

Кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Каменова С. У.

 

1964 жылы неврология кафедрасы құрылып, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының құрамына кірді және ТМД елдерінде невролог кадрлар дайындау саласында негіз болды, өйткені институт ол кезде Совет Одағы бойынша  мәні бар болатын.

Кафедраны құрылған мезгілден бастап, Қазақстанның неврология саласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан жоғарғы білікті невролог, таланты оқытушы м.ғ.д., профессор Н.П.Касаткина басқарды.

1980 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент З.М.  Брянцева атқарды

 

Неврология кафедрасы  1966 жыл.

С 1981 жылдан 1999 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарған профессор Беляев Юрий Иннокентиевич.

Ю.И.Беляев невролог эпилептологтар дайындау мәселесіне көп көңіл аударған. Осы уақыттан бастап кафедрада эпилепсияны және клиникалық электроэнцефалографияны оқып үйрену кезеңі басталған.

Ю.И. Беляев күрделі ЭЭГ зерттеу үшән нейрофизиологиялық лаборатория ұйымдастырған. Қазіргі кезде нейрофизиологиялық лаборатория заманауи апараттар мен жүйелік қамсыдандыру құралдыры арқылы кеңейген.

Соңғы жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Алдунгарова Роза Капсидаровна атқарса, содан кейін профессор Нургужаев Еркин Смагул ұлы атқарды.

Әр жылдары кафедрада: доцент м.ғ.к. Е.З. Путинцева, Р.В.Смольский, доцент м.ғ.к. С.М.Карашонова, Л.М. Сорокоумова, А.С. Жусупова, Э.Х. Айбасов қызмет атқарған.

2005 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін Москва неврология мектебінің түлегі-Москва қаласының неврологтар ғылыми орталығы,Ө-РМҒА, медицина ғылымының докторы  профессор Каменова Салтанат Уалихановна атқаруда.

С.У. Каменова Алматы қаласының денсаулық сақтау саласының  штаттан тыс бас неврологы, Қазақстанның мемлекеттік инсультпен күрес ассоциациясының президенті, дүние жүзілік World Stroke ұйымының мүшесі.

 

 

 

Неврология кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымының докторы профессор Каменова С. У.

 

Соңғы 10жыл ішінде кафедрада 2 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалып, 20 дан астам клиникалық ординаторлар дайындалған, сонымен қатар дәрігер резиденттер дәріс алуда. 600 ден астам ғылыми жұмыстар құрамалар мен журнадарда, оның ішінде біразы шет елдерде жарық көрген.

 

2010жылдың қыркүйек айынан бастап АМДБЖИ профессордық мұғалімдер құрамы(кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымының докторы профессор Каменова С. У.) С.Д. Асфендияров атындағы ҚазММУнің үздіксіз білім беру орталығында  қызмет атқаруда.

Кафедра отырысы

 

Кафедра доценті Кужыбаева К.К.

Ассистент Остапенко Анатолий Семенович

Ассистент Нурмухамбетова Бахытгуль Рахимбековна

Аға лаборант Сурова А.Г.

Кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми – зерттеу жұмыстары:

— Халықаралық, көпорталықты, болашағы барбайқаулы зерттеулер BEGIN/ Bayer Schering Pharmaкомпаниясымен бірге.

— «Эпилепсиялық ұстамалардың балардың сөйлеу және жазуқабілеттеріне әсері және оны  дәрілермен коррекциялау»

— «Казахстанағы ми инсултінің эпидемиологиясы»

 

Ойлап тапқан жаңалықтарға инновациялық патенттер алынды:

1.      Қазақ халқында инсульт қауіпін жобалау.

2.      Инсульт қауіпінің алдын алу тәсілі.

3.     Ишемиялық инсультпен ауыратын пауқастардың реабилитация тәсілдері.

Алыс жақын елдерден мамандар шақыртып, неврологияның маңызды сұрақтары мен инсульт мәселесі жайында  ғылыми тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналып отыр.

Кафедра қазіргі заманғы оқулықтармен, оқу құралдарымен, көру құралдарымен жабдықталған, нейрофизиологиялық  лаборатория бар.

Оқу жүйесін үнемі жетлдіріп отыру көзделген. Кафедраның ғылыми және клиникалық зерттеулері қазіргі кездегі неврологияның келесі маңызды бөлімдерінде өткізіледі:

  • Мидың қан тамыр ауырулары
  • Нерв хүйесінің демиелиндендіруші ауырулары,шашыранды склероз
  • эпилептология

Қазақстанда инсульттің клиника эпидемиологиялық жүйесін зерттейтін толық жүйелік бағдарлама аяқталды. Қазақстанның әр аймағында бірінші рет «инсультті тіркеу» іске асып, инсульт бойынша эпидемиологиялық ақпараттар берілген. Кафедрада білімін жетілдіру және қайта дайындау циклдерімен қатар резидентурада жоғары сапалы кадрлар дайындауға арналған бағдарламалық басқарулар өткізіледі.

 

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Неврология кафедрасы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.