Жанұялық медицина кафедрасы

Жанұялық медицина кафедрасы 1996 жылдың ақпан айында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының базасында құрылды.

Кафедра меңгерушісі Д.С.Нұғманова Wonca Бүкіләлемдік кеңесінің мүшесі болып табылады.

2005 жылғы тамыз айында ТМД және Еуропа елдерінде алғашқы болып Әлем жанұялық дәрігері номинациясына ие болды. С.Нұғманова дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын жоғарылату және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі сарапшы ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Бүкіләлемдік банк, ЮСАИД, Wonca және басқа да халықаралық мекемелер жобалары арқылы Қазақстан, Орталық Азия, Монғолия, Әзірбайжан сияқты елдерде кеңес беру жұмыстарын жүргізу ісіне тартылды.  Сонымен қатар халықаралық форумдарға (АҚШ, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан)  қатысып, баяндамалар оқыды.

Кафедра 1963 жылы құрылған терапия кафедрасының қалыптасқан дәстүрлерін сақтай отырып, үнемі алға жылжуда.  Кафедра қызметкерлері  батыстағы алдыңғы қатарлы елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Канада) Ресейде және ТМД-ң бірқатар елдерінде стажировкадан өтті.  Кафедраның 1996-1998 ж.ж. аралығындағы әріптесі Ұлыбританияның Бристоль университетінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек факультеті болды. 2000-2003 ж.ж. оқытушылардың көп бөлігі DFID және Бүкіләлемдік банк жобасымен  оқытудың жаңа технологиялары және жанұялық медицина бойынша білім алды. Оқуды Лондон қаласындағы Император медициналық колледжі мен Бристоль университеті дәрігерлері өткізді. АҚШ-ң отбасылық дәрігері Дэвид Кютер 1999 жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін кафедраның кеңесшісі болып табылады. Ол қызметкерлерге арнап сабақ өткізеді, курсанттарға дәріс оқиды,  клиникалық ординаторлармен жұмыс жүргізеді, базалық емхана дәрігерлерімен және клиникалық ординаторлармен бірге науқастарға кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Кафедра үлкен беделге ие. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің отбасылық медицина кафедраларымен, Ресей Федерациясының, Украинаның, Балтық елдерінің жетекші кафедраларымен ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Кафедра қызметкерлері 2003-2005 ж.ж. аралығында Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстан мен Түркменстанның ФИМС-ң, Денсаулық сақтау министрліктерінің, жоғары оқу орындарының, ҒЗИ-ң 200-ден астам қызметкерін дәлелді медицина бойынша оқытты. Кафедра мәскеулік дәлелді медицина орталығы өткізген дәлелді медицина курсы мен Императорлық колледждің ДМ курсы негізінде стандарт ретінде «Клиникалық тәжірибедегі дәлелді медицина» атты 2 апталық курсын жасады және бекітті.

Кафедра Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Нидерланд мемлекетіндегі Гренинг университетінің рационалды фармакотерапия курсының негізінде «Дәлелді медицина. Дәрілік рационалды терапия» атты 3 апталық курсты жасап, оны оқу процесіне енгізді. 1998 жылы кафедра қызметкерлері 2003 жылы Wonca World Бүкіләлемдік отбасылық дәрігерлер ұйымының толық мүшесі болған Қазақстанның отбасылық медицина дәрігерлері ассоциациясын құрды.

2006 жылғы мамыр айында кафедраның екі қызметкері Қазақстанның отбасылық медицина дәрігерлері ассоциациясы (ҚОДА) Leonardo da Vinci  Еуропалық одағының жанұялық медицина оқытушыларына арналған бағдарламасы бойынша оқыды. Оқу EURACT (Еуропалық жалпы тәжірибелік практика академиясы) тренерлерімен ағылшын тілінде жүргізілді. Кафедра қызметкерлері Еуропадағы жанұялық медицинаның үздік оқытушыларымен кәсіби ынтымақтастық жасауға негіз қалады. EURACT басқармасы оқытушылардың Қазақстанда оқуына техникалық қолдау жасауға мүдделі екендіктерін білдірді. 2008 жылғы сәуір айында кафедра ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР барлық медициналық жоғары оқу орындарының жанұялық медицина кафедраларының 30 оқытушысына арнап 4 апталық курс өткізді. Қызметкерлер ағылшын тілін меңгерген. Бұл кафедраның уақыт ағымынан қалмастан алда жүруіне, курсанттарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуге және дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың мазмұнын  үнемі жаңартып отыруына жағдай жасайды. Кафедра қызметкерлері елімізде және шет елдерде халықаралық курстардан өтіп, халықаралық кредит-сағаттарын және сертификаттар ала отырып, өздерінің кәсіби деңгейін үздіксіз жоғарылатып отырады.

2009 жылғы маусым айында кафедра қызметкерлері Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясымен біріге отырып Қазақстанның жанұялық дәрігерлерінің бірінші съезін ұйымдастырды және оны жоғары деңгейде өткізді.  Съезге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық одағының, ЮСАИД,  Америкалық жанұялық дәрігерлер академиясының (АЖДА), Денсаулық сақтау министрлігінің, Capacity (Потенциал), ЮСАИД ЗдравПлюс жобасының, Қазақстанның үкіметтік емес мекемелерінің өкілдері қатысты. Кафедра объективті құрылымдастырылған клиникалық емтихан, тәжірибелік дағдыларды игеруге арналған оқу станцияларын, стандартталған пациенттер әдістері, рольдік ойындар, мультимедиялық CD-ROM, проекторлар мен бейнефильмдерді  қолдана отырып дәрістерді интерактивті оқу сияқты білім берудегі жаңа технологияларды оқу процесіне ендірді. Курсанттар кейбір циклдарда Интернетте жұмыс істеу, топтарды презентацияларға дайындау, ақпараттарды іздеу және оларды тәжірибелік түрде бағалау кезінде білім алады. Курсанттар мүмкіндігінше дәрістердің көшірмелерімен, әдістемелік ұсыныстармен, брошюралармен қамтамасыз етіледі.  Кафедрада курсанттармен қатар клиникалық ординаторлар (резиденттер) және кафедра қызметкерлері пайдаланатын қазіргі заманғы әдебиеттермен қамтылған кітапхана бар. Кафедра қызметкерлері түрлі республикалық (АСВК, АПСВ, ЕАРО) және халықаралық (Wonca, AAFP, ERS, EAACI, IPCRG) мекемелердің мүшесі болып табылады. Еуропа және ТМД елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен конгрестерге (Wonca World, Wonca Europe, ERS, ESC, AAFP, ЕАРО, «Человек и лекарство» ж.т.б.). қатысады, баяндамалар оқиды. Кафедра оқытушылары Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясы мүшелерімен бірге Қазақстанда бүкіләлемдік ӨОСА және Астма күндерін өткізу шараларының бастамашысы болды. Олар 2003 жылдан бастап дәл қазіргі күнге дейін жыл сайын жаңартылып отырған дәрігерлер мен мейірбикелерге арналған балалардағы демікпе,  ересектердегі демікпе, ӨОСА бойынша қысқаша басшылық құралдарды, сонымен бірге науқастарға арнап шығарылған және Қазақстанның барлық аймақтарына таратылған брошюраларды орыс тіліне аудару жұмыстарын жасауда. Бұл жұмыс GOLD дипломымен белгіленген.  Кафедра қызметкерлері халықаралық ұйымдардармен және Қазақстанның жанұялық дәрігерлер ассоциациясымен бірге Астанада және Қарағанды, Атырау облыстарында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына және сапаны үздіксіз жоғарылату жобаларына қатысады, БМСК дәрігерлерін оқытудың дистанциондық курстарын дайындау жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің 400-ден астам басылымдары бар. Олардың ішіндегі 100 басылым алыс шет елдерде басылған. Батыстың рецензияланған журналдарында басылған жұмыстар да бар.

 

Поисковые слова:

Запись опубликована в рубрике Жанұялық медицина кафедрасы, Кафедра туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.