Стоматология кафедрасы

ҚазҰМУ жанындағы Дипломнан кейінгі білім институтының стоматология кафедрасы 2011 жылы әуелі стоматология курсы ретінде құрылды (28.04.2011 ж. N 959-л  бұйрық). Университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен 29.11.2011 жылы аталған курс өз алдына  стоматология кафедрасы болып қайта құрылды, ол өз жұмысын 2012 жылдың 4 қаңтарынан бастады. Кафедра меңгерушісі болып медицина ғылымдарының докторы Негаметзянов Н.Г. тағайындалды. Одан басқа,  кафедра құрамында мыналар кірді: м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері Сүпиев Т.К.; м.ғ.д., профессор Мамеков А.Д.; м.ғ.к.,  доцент Валиева Р.М.; м.ғ.к. Катасонова Е.С.; м.ғ.к. Атежанов Д.О.; ассистент, жоғары санатты стоматолог дәрігер  Дүйсембаева М.Т.  Қоса атқарушылар ретінде республикаға белгілі мамандар мен еліміздің жетекші ғалымдары (м.ғ.д., профессор Құрақбаев К.К., м.ғ.д., профессор Алдашева М.А., м.ғ.д., профессор Нұрмағанов С.Б., м.ғ.к., доцент Жапаров А.М.,  м.ғ.к. Зимарева Н.В.  және басқалар тартылды.

Негаметзянов Нұрислам Гарифзянович – медицина ғылымдарының докторы, ҚазҰМУ ДКБ стоматология кафедрасының меңгерушісі. Ол 1973 жылы туған. 2002 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденіп, диссертацияны жетістікпен қорғап шықты. 2004 жылы  АМИУВ балалар стоматологиясының доценттік курсының меңгерушісі болып тағайындалды. 2005 жылы стоматологиялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу Хаттамаларын ұдайы пайдалану әдістемесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы стоматологиялық мекемелердің стоматологиялық қызметтерінің амбулаторлық-поликлиникалық тарификаторын пайдалану әдістемесін әзірлеуге қатысты.  Негаметзянов Н.Г. Алматы қаласы бала жастағы тұрғындарының ұйымдасқан контингенті арасындағы  негізгі стоматологиялық аурулардың бастапқы алдын алудың 2009-2013 ж.ж. бағдарламасын жасады. 2010 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҰБО стоматология курсының меңгерушісі болып тағайындалды. 2011 жылы стоматология кафедрасы құрылғаннан кейін,  кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

2007 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар стоматологы болып келеді, 2011 жылдан – Алматы қ-сы Денсаулық сақтау басқармасының бас стоматологы.

2010 жылы  «Жақсүйек-бет аймағының туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясы бар медико-әлеуметтік реабилитациялауды ұйымдастыру» тақырыбына докторлық диссертация қорғады.

Ол  опубликованы более  50-ден астам ғылыми жұмыс, дәрігерлер мен студенттерге арналған 6 әдістемелік ұсынымды жариялады,  «Стоматолог-ортодонт дәрігер»,  «Балалар стоматолог-терапевті» мамандықтары бойынша типтік оқу бағадарламаларын жасады, олар Қазақстан Республикасында  балалар стоматологы мамандығы бойынша дипломнан кейінгі білім негізіне алынды.  Ол Қазақстанда, ТМД-да, шетелде:  Германияда, Түркияда, Мәскеу қалаларында өзінің кәсіби  деңгейін арттырып тұрады.

Сүпиев Тұрған Құрбанұлы – м.ғ.д., ҚазҰМУ ДКБ стоматология кафедрасының профессоры, ҚР ПМА академигі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1942 жылы туған. 1959 жылы Жаркент қаласы С.М.Киров атындағы ОМ алтын медальмен бітірді. 1965 жылы  ҚазҰМУ стоматология факультетін үздік аяқтады.

Оның барлық еңбектері, ғылыми және қоғамдық қызметі С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен байланысты  (аға зертханашыдан профессорға дейін). 1972 жылы кандидаттық және 1984 жылы – докторлық диссертациясын қорғады. 1988 жылдан 2011 жылға дейін балалық кезең стоматологиясы кафедрасына жетекшілік етті. 1992 жылдан 2005 жылға дейін ҚР ДСМ  штаттан тыс балалар стоматологы, 1998 жылдан 2006 жылға дейін ҚР ДСМ «Стоматология» Республикалық ғылыми-клиникалық орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 2002 жылдан 2006 ж. дейін ҚР БҒМ ВАК сарапшысы болды. 1991 жылдан 2010 жылға дейін – ҚазҰМУ жанындағы стоматология бойынша диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, төраға орынбасары болды. 1998 жылдан 2010 жылға дейін «Стоматология мәселелері» республикалық журналының және «Стоматология-Қазақстан» кәсіби газетінің бас редакторы болды. Ол «Балалар стоматологиясы және алдын алу шаралары» (Мәскеу), «Стоматология» (Минск), «Стоматология әлемі» (Астана), «Морфология және дәлелді медицина» (Алматы) журналдарының редакция алқасының мүшесі.

47 жылдық шығармашылық қызметінде проф. Сүпиев Т.Қ.  жетекшілігімен 50-ге жуық докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалды.  Жеке өзі және бірлесіп ол 400-ден астам  ғылыми жұмыс жариялады (мақалалар, монографиялар, оқу құралдары және басқа.), 10 ғылыми жұмыстың редакция алқасының мүшесі болды, 20-дан астам ғылыми жұмыстар жинағының бас редакторы болды. Профессор Сүпиев Т.Қ. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ДСМ, БҒМ, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, ҚР Президентінің Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталды, «Илхам» сыйлығының лауреаты (кіші Тарлан) және басқа да. 2007 жылы Панфилов ауданының Құрметті азаматы болды.

Валиева Рашида Максумовна — м.ғ.к.,  стоматология кафедрасының доценті ҚазҰМУ ДБИ, 1965 жылы Ташкент медицина институтының стоматология факультетін бітірді. Өзінің еңбек жолын Алматыда бастады, бөлім меңгерушісі және бас дәрігердің орынбасары болды. 1977 жылы Алматы ДУИ терапиялық стоматология кафедрасының ашылуына байланысты кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін 1985 жылдан  2010 жылға дейін осы кафедраның доценті болып қызмет жасады. Ол балалар стоматологтары мен ортодонт дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі тақырыптық оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысты, жұмыс жоспарлары мен оқу бағарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды, ситуациялық тапсырмалар, тестілер мен басқа да әдістемелік материалы құрастырды.

Доцент Валиева Р.М. 27 жыл бойы АМИДУ кәсіподақ ұйымының төрайымы болып келді. 2007 жылы осы институттың Құрметті профессоры болып таңдалды. Ол үнемі өзінің кәсіби деңгейін  Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында да, шетелде де (Россия, Украина) арттырып отырады. Ол 45-ке жуық ғылыми-практикалық жұмыстың, оның бірі өнертабыс, 5 әдістемелік оқу құралының және т.б. авторы (бірлескен автор). Ол КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, оның еңбегі бір емес бірнеше рет ДСМ Құрмет грамоталарымен,  Республикалық және облыстық кәсіподақ комитетінде, медальдармен марапатталды.

Катасонова Елена Сергеевна — медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУ ДБИ стоматология кафедрасының ассистенті. Ол 1988 жылы ҚазҰМУ стоматология факультетін бітірді.  Жылдар бойы ол Алматы қалалық балалар стоматологиясы поликлиникасында ортодонтиямен шұғылданып келді. Соңғы жылдары туа біткен және тұқым қуалайтын ЖБА патологиясы бар балаларды реабилитациялау орталығымен белсенді ынтымақтастықта. Ғылыми зерттеулері 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғаумен аяқталды. Тәжірибелі маман және толысқан ғылыми қызметкер ретінде ол ОАИ стоматология кафедрасында педагогикалық қызметін де қоса атқарып келеді. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Атежанов Досан Оканович – медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУ ҒБО стоматология кафедры ассистенті. Ол 1998 жылы ҚазҰМУ мемлекеттік тілдегі стоматология факультетін үздік тәмамдады. 1998–2000 ж.ж. клиникалық ординатурада оқып-үйренді, 2000 жылдан 2003 жылға дейін  «Ақсай» РББК стоматолог дәрігері болып қызмет етті. 2003 жылы ол аспирантураға түсті, ауыр соматикалық аурулары бар балаларға стоматологиялық көмек беруді жүзеге асыру жөнінде зерттеулер жүргізді. 2008 кандидаттық  диссертация қорғады.  2004 жылдан 2011 жылға дейін ҚазҰМУ балалық кезеңдегі стоматология кафедрасының ассистенті болып қызмет істеді,  2011 жылдан бері ДБИ стоматология кафедрасына ауысты. 20-дан астам ғылыми жұмыстың  авторы.

 

Дүйсембаева Мақтагүл Тұрысбекқызы — ҚазҰМУ ҒБИ стоматология кафедрасының ассистенті. Ол 1996 жылы ҚазҰМУ стоматология  факультетін бітірді. Сол жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Алматы қ-сы МБСК балалар стоматолог дәрігері болып келеді. 2001 жылға дейін профилактика бөлімінде жұмыс істеді, қазіргі кезде терапевттік қабылдау жүргізеді, жоғары санатты стоматолог дәрігер болып табылады.  2003  жылдан бері педагогикалық қызмет атқарып келеді, бастапқыда АМБСК балалар стоматологиясы курсының ассистенті болды, ал 2010 жылдан ҚазҰМУ-да  ассистенттікті қоса атқаруда. Тәжірибелі маман, емханадағы жұмысын ғылыми зерттеулермен үйлестіріп отырады,  10 ғылыми жұмыстың авторы.

ҚазҰМУ ПБИ стоматология кафедрасының құрылуына Қазақстан Республикасында мемлекеттік және мемлекеттік емес стоматологиялы мекемелерде стоматология саласының 6 мыңнан астам маман қызмет атқаратыны түрткі болды. Олардың 50%-ға жуығына дәрігерлік санат берілген, ал ұдайы біліктілік арттырудан мамандардың 60%-ы өтіп тұрады. Алматыда  965 стоматолог дәрігер, олардың 173-і мемлекеттік және 792-і – мемлекеттік емес стоматологиялық емханаларда (кабинеттерде) жұмыс істейді. Жалпы алғанда, стоматология саласының 30%-ға жуық маманы  жыл сайын біліктілігін арттыруды қажет етеді. Сонымен қатар мемлекеттік стоматологиялық мекемелерде (емханалар, бөлімшелер, мектептегі кабинеттер, кәсіорындар және т.б.) жұмыс жасайтын стоматолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру мәселесі ойдағыдай болмай тұр. Оларға бюджет қаржысы есебінен жолдамалар жеткіліксіз бөлінеді, ал мемлекеттік емес оқу орындарының қызметкерлерінің жан-жаққа шығатын біліктілігін арттыру курстарына ақы төленеді, оны әдетте жеке стоматологиялық құрылымдарда жұмыс жасайтын стоматолог дәрігерлер пайдаланады.

Республикада алғаш рет балалар стоматологтарының біліктілігін арттыру курсы 1994 жылы Алматы ДДМИ құрамында ашылғанын еске сала кетейік.

 

 

Жылы ҚР ДСМ бас балалар стоматологы, доцент, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Г.М. Негаметзяновтың бастамасымен ашылғанын айта кетейік.

ҚазҰМУ-да стоматолог дәрігерлердің дипломнан кейінгі білім алуын жүргізуге оңтайлы жағдайлар жасалған. Университеттің кадрлық әлеуеті күшті, клиникалық базасы жеткілікті, мамандарды Еуропалық оқу үлгісінде дайындаудың оқу-әдістемелік жұмыстар жүйесі жолға қойылған және кітапхана қоры бай.

Кафедраның клиникалық базасы: балалар стоматологиясы емханасы; қалалық стоматологиялық емхана; қалалық №5 клиникалық емхана және Республикалық «Аксай» балалар клиникалық ауруханасы, олар қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу- медициналық және стоматологиялық жабдықтармен, құрал-саймандармен және баса да қосымша заттармен жақсы жабдықталған. Емхананың барлық базаларында қызметкерлер диагностикалық және емдеу-алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлері кафедра меңгерушісі, м.ғ.д. Н.Г. Негаметзяновтың жетекшілігімен  2011 жылы 650 емделушіге стоматологиялық көмек көрсетті. Профессорлар мен доценттер 15-ге жуық науқасқа кеңес берді, емханада 100 науқасқа хирургиялық операция жасалды.

«Ақсай» РБКЕ емханаға жатқызылған науқастарға орынды жетекшілік етеді, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді және туа біткен және жүре пайда болған ақаулар мен деформацияларға, қатерсіз ісік және ісік тәрізді үдерістер мен беттің жұмсақ тіндерінің және бет қаңқасы сүйектерінің басқа ауруларына қатысты операцияларға қатысады.  Емханада арнайы ҚР барлық аймақтарының балалары үшін мамандандырылған жоғары хирургиялық көмек көрсетіледі. Біздің емхана шет елдердің жетекші мамандарымен  (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан) тығыз қарым-қатынаста.  2010 жылдан бері біз Smile Train (АҚШ) Халықаралық қайырымдылық қорымен бірге қызмет етеміз. Біз олардан үстіңгі ерін мен таңдайдың жарығын хирургиялық емдеудің жаңа әдістемелері мен модификацияларын қабылдап алдық (Миллард бойынша хейлориносептогнатопластика, интравелларлық уранопластика, ортодонтохирургиялық емдеу, Миллард бойынша екіжақты хейлоринопластика және т.б.).

ҚазҰМУ ДБИ қайта құрылған  стоматология кафедрасы оқу-әдістемелік жұмыстарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруға, ТМД елдері мен  И.М. Сеченов атындағы бірінші МММУ, МГМСУ, И.П.Павлов атындағы СПбММУ, Қырғыз, Ташкент, Тәжік мемлекеттік медицина академиялары және т.б. сияқты шет елдердің жетекші ЖОО-мен бұрыннан қалыптасқан халықаралық байланыстарды бекітуге белсенді кірісіп кетті. Келешекте  намечается шет елдік оқу орындарымен,  стоматология және жақсүйек-бет хирургиясы саласындағы және алыс шет елдердің жетекші мамандарымен шығармашылық байланыстарын кеңейту көзделіп отыр.

Дипломнан кейінгі білім Институтының, соның ішінде ҚазҰМУ жанындағы стоматология кафедрасының құрылуы дипломнан кейінгі  стоматологиялық білім бойынша оқу-әдістемелік, соның ішінде резидентурада,  магистратура және докторантурада (PhD) «Медицина» мамандығы шеңберіндегі стоматология бойынша координацияны жоспарлайды. Келешекте кафедраның ғылыми қызметі мен шет елдік оқу орындарымен шығармашылық байланыстарын кеңейту көзделіп отыр.

ДБИ стоматология кафедрасы жаңа оқу жылынан бастап  шет елдің белгілі профессорларын оқу-клиникалық және ғылыми жұмыстарына белсенді қызықтыра бастады. Осылайша,  ЖБА туа біткен патологиясы саласында Еуропаға белгілі маман профессор Мамедов А.А. біздің университетімізге шақырылған профессор ретінде келді. Ол дәріс оқыды, науқастарға кеңес берді. Профессор А.А. Мамедовтың  ҚазҰМУ-ға келуінің Квинтэссенциясы оның  интерн дәрігерлермен, резиденттермен мастер-класы болды. Университеттің клиникалық базасында, «Ақсай» РБКЕ балалар ЖБХ бөлімінде профессор көрсетілімді операциясын-өзінің әдістемесі бойынша жеңіл уранопластика жасады.

 

Ресей стоматологиясының Орталық ҒЗИ профессоры Оспанова Г.Б. ортодонтия саласында кеңінен танылған маман болып табылады, ұзақ жылдар бойы ортодонт дәрігерлердің Еуропалық қауымдастығын басқарды.  Ол студенттерге, интерн дәрігерлерге, тәжірибедегі ортодонт дәрігерлерге және резиденттерге дәріс оқыды, түрлі тіс-жақсүйек аномалиялары бар науқастарға кеңес берді. Ол жүргізген «Ортодонтия саласының өзекті мәселелері» тақырыбындағы мастер-класс тыңдаушыларға өте жақсы әсер қалдырды, оны практикалық стоматолог дәрігерлер жоғары бағалады.

 

Келесі И.П.Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетінен шақырылған профессор, профилактикалық стоматология саласындағы ірі маман Улитовский С.Б. болды. Студенттермен, интерн дәрігерлермен, практикадағы дәрігерлермен және резиденттермен жұмыс жасаумен қатар, ол жас зерттеушілерге кеңес берді.  Профессорлармен бірігіп бірқатар ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланған.

Кафедра қызметкерлері, профессорлар Т.К.Сүпиев пен А.Д.Мамеков Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының стоматология бойынша диссертациялық кеңесіне кіргізілді, олар онда ұдайы ресми оппоненттер ретінде сөз алады. ҚазҰМУ ДБИ стоматология кафедрасы Ташкент және Қырғыз медициналық академияларының стоматология саласындағы кандидаттық және докторлық диссертацияларын талқылау жөніндегі жетекші маман болып тағайындалды.

ҚазҰМУ ДБИ стоматология кафедрасы өзінің даму жолын бастады. Қысқа мерзімі ішінде өзінің оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми жұмыстарды ұйымдастырудағы мүмкіншіліктерін көрсете алды. Ары қарай барлық қызмет түрлерін іске асырады деп сенуге болады, бұл осы кафедраның университетте және жалпы республикада жетекшілер қатарына кіруіне мүмкіндік береді.

 

                                                                                  Кафедра меңгерушісі,

                                                                                  м.ғ. д. Негаметзянов Н.Г.

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Стоматология кафедрасы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.