Клиникалық зертханалық диагностика кафедрасы

АИВ ИНФЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КУРСЫ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА КАФЕДРАСЫ

Клиникалық зертханалық диагностика кафедрасы зертханалық диагностика мамандарының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жұмыстарын жүргізеді. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша білім беруге интернатурадан кейінгі жоғары медициналық білімі бар, сонымен қатар биологиялық, фармацевтикалық, химиялық және медициналық-биологиялық жоғары білімді тұлғалар құқылы. Кафедрада келесі циклдар бойынша білім беріледі:

1. «Клиникалық зертханалық диагностика.» — Көлемі  1080 сағаттық қайта  даярлау.

2. «КЛД-дағы инновациялық технологиялар» — 234 сағат.

3. «Молекулярлық-биологиялық және генетикалық-зертханалық диагностика» — 108  және 162 сағат.

4. «Ауруларды диагностикалаудағы зерттеудің иммунноферментті әдістері» — 108 және 162 сағат.

5. «Организмнің биологиялық сұйықтығын микроскопиялық  зерттеу» — 108 сағат.

6. «Клиникалық зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері» — 234 сағат.

7. «Инфекциялық ауруларды диагностикалаудағы зерттеудің серологиялық әдістері» -108 сағат.

8. «Иммунологиялық деңгейдің кешенді зерттеулері» — 108 сағат.

Кафедраның клиникалық базалары — Б.Атшабаров атындағы фундаменталдық ҒЗИ-ң Ғылыми-білім беру зертханасы. Кафедра базалары, сонымен бірге №1 перзентхананың типтік клиникалық-диагностикалық зертханасы заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: гематологиялық анализаторлар, биохимиялық анализаторлар, иммуноферментті анализаторлар, несеп анализаторлары, микробиологиялық анализаторлар, экспресс-анализаторлар және ПТР – зертхана бар. Оқу бөлмелері дербес компьютерлермен, ақпараттық материалдарды көрсетуге арналған мультимедиялық проекторлармен, видеофильмдермен жабдықталған. Зертханалық диагностиканың бөлімдері: гематология, биохимия, цитология, иммуноферментті диагностика, микробиология және молекулалық биология әдістері  бойынша презентациялармен қамтамасыз етілген. Тәжірибелік сабақтар клиникалық-диагностикалық және арнайы мамандандырылған зертханаларда өткізіледі.

Кафедра меңгерушісі доцент, РhD докторы  Канжигалина Зульфан Кашукқызы. Зертханалық диагностика саласында  35 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Екі ғылым кандидатын дайындады. 65 ғылыми басылымы және 2 авторлық куәлігі бар.

Кафедра құрамы: кафедра меңгерушісі, доцент және 2 ассистент. Кафедраның барлық қызметкерлері жоғары білімді, зертханалық диагностика саласында практикалық тәжірибелері мол.

Кафедрада 2 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Екі қызметкердің зертханалық диагностика бойынша жоғары біліктілікті категориялары бар. Барлық қызметкерлер зертханалық диагностика бойынша маман сертификаттарына ие.

 

Екі оқу жылының аралығында кафедрада зертханалық диагностиканың 190 маманы білім алды.

Кафедраға зертханалық диагностиканың заманауи әдістері бойынша дәріс оқу үшін шет елдерден профессорлар шақырылады, сертификаттарды иелену бойынша «мастер-класстар» жүргізіледі. Кафедра оқытушылары тыңдаушылармен бірге зертханалық диагностика бойынша университеттік іс шаралар және конференциялар, сонымен қатар зертханалық диагностиканың бөлімдері бойынша презентациялық конференциялар өткізеді.

Кафедра зертханалық диагностиканың өзекті мәлелелері бойынша республиканың барлық аудандарына жұмыс орындарына барып оқыту циклдарын ұйымдастырады.

Запись опубликована в рубрике Кафедра туралы, Клиникалық зертханалық диагностика кафедрасы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.