Кардиохирургия курсымен хирургия кафедрасы

Кафедра 2010 жылы хирургия саласындағы мамандарды даярлау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлауға арналған қосымша медициналық білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылды.

Кафедра құрылғаннан бері оны медицина ғылымдарының докторы, профессор Дәрменов Оралбай Кенжебайұлы басқарып келеді.

Кафедра оқытушылары: м.ғ.д., профессор Оразбеков Н.И., м.ғ.д., профессор Ташев И., ассистент Дарменов Е.О., м.ғ.к., Даукенова К.

Кафедрада дәрігер-хирургтарды даярлау және қайта даярлау бойынша келесі негізгі бағдарламалар іске асырылуда:

— хирургиялық емес сала дәрігерлерін «Жалпы хирургия», «Пластикалық хирургия» мамандықтары бойынша қайта даярлау;

— хирургиялық сала дәрігерлерін «Жалпы хирургия», «Пластикалық хирургия» мамандықтары бойынша қайта даярлау;

— хирург, гинеколог және эндоскопист дәрігерлерге арналған «Құрсақ қуысы органдарының эндовидеохирургиясы» тақырыптық жетілдіру бағдарламасы;

— хирургтарға арналған «Ургенттік хирургияның өзекті мәселелері» тақырыптық жетілдіру бағдарламасы;

— хирургтарға арналған «Іріңді хирургияның өзекті мәселелері» тақырыптық жетілдіру бағдарламасы;

— хирургтарға арналған «Амбулаториялық      хирургияның өзекті мәселелері» тақырыптық жетілдіру бағдарламасы;

— «Құрсақ және кеуде хирургиясындағы инновациялық технологиялар» тақырыптық жетілдіру бағдарламасы.

Кафедра Қызылорда, Шымкент, Тараз т.б. да қалаларға көшпелі оқу пәндерін  ұйымдастырды.

Кафедраның клиникалық базалары: Алматы қаласының жетекші емдеу-профилактикалық мекемелері – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң Клиникалық білім беру орталығы, №7 қалалық клиникалық аурухана, «ДОСТАРМЕД» клиникасы, №16 қалалық емхана ж.т.б.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

Кафедрада «Құрсақ қуысы органдарының ургенттік хирургиялық аурулары кезінде жүргізілетін эндовидеохирургиялық емдеудің тиімді жолдарын ойлап табу және жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Ғылыми жетекші: м.ғ.д., профессор Дәрменов О.К. Орындалу мерзімі: 2010-2014 ж.ж.

Кафедраның қызметкерлерінің жарияланған ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық саны – 250. Оның ішінде 2 оқу әдебиеті, 1 монография бар. Авторлық куәліктер мен патенттер (11) алынған.

Запись опубликована в рубрике Кардиохирургия курсымен хирургия кафедрасы, Кафедра туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.