Гигиена және медициналық экология кафедрасы

Гигиена және медициналық экология кафедрасы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттердің, басқармалардың және тағы да басқа  мекемелер мен ұйымдардың жетекші қызметкерлеріне, бас және жетекші мамандарына, санитарлық дәрігерлерге, санитарлық дәрігерлердің көмекшілеріне, сонымен бірге орта  медициналық білімі бар жетекші мамандарға гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша  қайта даярлау және мамандығын жетілдіруді жүргізу мақсатында 2012 жылдың 2-ші ақпанында ұйымдастырылды.

Кафедраның оқыту базасы ҚР ДМ МСЭҚ Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығында орналасқан. Орталықтың зертханалар мен бөлімдерінде дәрігер-гигиена мамандарына жетілдіру оқу үрдісін бүгінгі замандық ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік деңгейде жүргізу үшін  барлық мүмкіншіліктер бар.  Мамандықтың жетілдіруі әр түрлі бағыт бойынша жүргізіледі:

1. Гигиена  және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің  ұйымдастырылуы

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтегі зертханалық зерттеулердің ұйымдастырылуы және әдістері.

3. Жалпы гигиенаның өзекті сұрақтары

4. Коммуналдық гигиенада алдын алудағы қадағалау

5. Еңбек гигиенадағы мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүргізудің әдістемелік-ұйымдастыру негіздері.

6. Тамақтану гигиенасының өзекті мәселелері.

7. Балалар мен жасөспірімдердің оқу және тәрбиелеу жағдайларына Мемлекеттік санитарлық қадағалау жүргізу.

8. Қоршаған ортаның нысандарында пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау.

9. Эпидемиологияның өзекті мәселелері.

10. Дезинфекция  мен дератизацияның негіздері және т.б.

Сонымен бірге, кафедра Қазақстан Республикасының басқа қалаларында да, мекемелер мен ұйымдардың ұсыныстарын ескеріп, біліктілікті жетілдірудің көшпелі циклдарын өткізеді.

Кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Төлемісова Арай Магауия-қызы басқарады. Гигиена-эпидемиология мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. 14 жыл бойы Қазақстан Республикасы Денсаулық Министрлігінің Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін  жетілдіру Институтында гигиена және эпидемиология кафедрасының ассистенті, доценті, кафедраның меңгерушісі, ал 2009 жылдан бастап — резидентура, магистратура, аспирантура және докторантура бөлімінің меңгерушісі және институттың проректоры болып жұмыс атқарды. 120-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік баспа еңбектері бар. Бірқатар монографиялардың және оқу-әдістемелік нұсқаулардың авторы, сондай-ақ «Гигиена және эпидемиология» мамандық жөніндегі ҚР Мемлекеттік қосымша білім  беру стандарттарының және Типтік бағдарламаларының өңдеушісі болып табылады. А.М.Төлемісованың басшылығымен кандидат ғылыми дәреже  алу үшін бірнеше диссертация дайындалып, қорғалды.  «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары дәрежелі мамандық санаты  және «Жалпы гигиена бойынша» маман сертификаты берілген. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі,  ҚР ДМ Қүрмет мадақнамалармен марапатталған.

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Төлемісова А.М.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамына мамандығы жоғары дәрежедегі  мамандар кіреді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасында  да, шет елде де белгілі мамандар бар.

Кафедрада жұмыс атқаратын мамандар:

1. Тажибаев  Шамиль Сагин-ұлы — профессор, медицина гылымының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ тағам академиясының  вице-президенті.  Республикадағы тамақтану саласында жетекші ғылым. 250–астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде, 17 монографиялардың  және кітаптардың, 11 патенттердің  авторы. Ш.С.Тажибаев басшылығымен  33 диссертация, оның ішінде, 10 докторлық диссертация, қорғалған.

Кафедра профессоры Тажибаев Ш.С.

2. Нажмединова Айман Шаймерден-қызы –  профессор міндетін атқарушы, медицина гылымының докторы, доцент, Экология, адам және табиғаттың қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық  Академияның академигі, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығындағы  пестицидтер токсикологиясының  зертхана менгерушісі.  ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. Жоғары дәрежелі мамандық санатты  дәрігер. Пестицидтер токсикология облысындағы 30 жаңа зерттеу әдістердің  авторы.

Профессор міндетін атқарушы Нажмединова А.Ш.

 

3. Балмахаева Равия Мавлюкай-қызы – доцент, медицина ғылымының кандидаты, кафедрадағы оқу ісінің менгерушісі. 100-ден артық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, 5 ШРЕК-тің және  4 ӘШАҚД-ның өндеушісі. Медициналық жоғары оқу орындарына арналған  «Жалпы гигиена» және «Экология» пәндер бойынша  Типтік бағдарламалардың жетекші жасаушысы және  Қазақстан Республикасында алғаш рет дайындалған қазақ және орыс тілдеріндегі «Гигиена» оқулығының басты авторы.

Кафедра доценті Балмахаева Р.М.

4. Жандосов Шалгинбай Өтеген-ұлы – доцент міндетін атқарушы, медицина ғылымының кандидаты, жұмыс стажы 30 жылдан астам, «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандық бойынша дәрежелі мамандық санатқа ие, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығының бастығы. 50–ден көп ғылыми мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы және санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне арналған  нормативтік-құқықтық құжаттардың дайындаушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының БДЖҰ-дағы өкілі.

Мамандығын АҚШ-та, Германияда, Швейцарияда, Грецияда және Латвияда жетілдірген.

Кафедраның доцент міндетін атқарушы Жандосов Ш.У.

 

5. Өтегенова Эльмира Сейтбек-қызы —  аға оқытушы, медицина ғылымының кандидаты, дәрігер-эпидемиолог, стажы — 19 жыл, ҚР ДМ МСЭҚ Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы директорының орынбасары. ҚР СЭС-тың Оқу-әдістемелік жұқпалы ауруларды бақылау Орталығын  және Вирустық инфекцияларға бақылау жүргізу Ұлттық референс зертхананы басқарған.  Ресейде, Туркияда, Германияда және Австрияда оқуда болған.  Мамандығы бойынша жоғары дәрежелі мамандық санаты бар.

Аға оқытушы Өтегенова Э.С.

 

6. Шеянов Виталий Николаевич – оқутышы, тәжірибелік   денсаулық сақтауда еңбек өтілі 30 жылдан артық құрайды. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»  және «Жалпы гигиена» мамандықтар бойынша дәрежелі мамандық санатқа ие. ҚР ДМ МСЭҚ Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы директорының орынбасары.

Оқытушы Шеянов В.Н.

 

7. Қуатбаева Айнагул Муқан-қызы – аға оқытушы, медицина ғылымының кандидаты, жоғары дәрежелі мамандық санаттағы дәрігер-эпидемиолог. Өзінің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында эпидемиология саласы бойынша Орталық Азиядағы СДС офисінің 2 жылдық курсын бітірді (2005–2007 жылдары), жоғарғы қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі және Емори университетінде бірнеше циклдардан өтті (Emory university, USA, 2008). Эпидемиология және иммунопрофилактиканың өзекті мәселелеріне арналған 150-ден астам мақалалар мен абстрактарды басып шығарылған.

Аға оқытушы Қуатбаева А.М.

 

8. Имангалиева Оксана Владимировна  – оқытушы, дәрігер-эпидемиолог. ҚР ДМ МСЭҚ Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығының эпидемиология бөліміндегі вакцинамен басқарылатын инфекциялардың  иммунопрофилактикасы мен сырқаттанушылдық мониторингі жөніндегі тарау жүргізеді. ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысады. ҚР Ұлттық иммундау консультативтік Комитеті секретариатының мүшесі.

Оқытушы Имангалиева О.В.

 

9.Алибекова Галия Нурхаир-қызы – оқытушы, еңбек гигиена саласындағы жоғары дәрежелі мамандық санаттағы дәрігер, ҚР ДМ МСЭҚ Комитетінің Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығының санитарлық-гигиеналық зертхананың меңгерушісі.  Құрылыс салу материалдарда асбесті анықтау жөніндегі эксперт, еңбек гигиена бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың өңдеушісі, қазіргі өндірістегі факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу туралы әдістемелік нұсқаулардың авторы.

Оқытушы Алибекова Г.Н.

 

Кафедра реквизиттері:

050012,  Алматы қ., Толе би к., 94, ректорат ғимараты, 103 кабинет.

Тел/факс- 8 (727) 292-58-30, тел.-292-69-69 , 143, 144; электрондық пошта: oralbay_darmenov@mail.ru;

веб-сайт: ips.kaznmu.kz – Дипломнан кейін білім беру институты

Кафедраның байланысу үшін электрондық поштасы:  ipo.gigiena@mail.ru,  araikz@mail.ru

Телефоны: (727) 317-86-07

 

 

Поисковые слова:

Запись опубликована в рубрике Гигиена және медициналық экология кафедрасы, Кафедра туралы. Добавьте в закладки постоянную ссылку.

Комментарии запрещены.